Новости

Дулатилық «Әуесқой» жайдарман командасы Премьер лигада топ жарды

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Әуесқой» жайдарман командасы 2025 жылғы Премьер лига ойындарында ерекше өнер көрсетіп, лига чемпионы атанды.

Бұл жетістік — команданың шығармашылық ізденісі мен жанкешті еңбегінің нәтижесі. Қалалық деңгейде ұйымдастырылған сайыс барысында «Әуесқой» командасы тапқырлықтары, ерекше әзілдері және сахналық шеберліктері арқылы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әзілдері өз деңгейлес қарсыластарынан оқ бойы озып, қазылар алқасының жоғары бағасын алды. Жеңіс нәтижесінде команда 400 000 теңге көлеміндегі жүлде қорына ие болды.

Бұл көрсеткіш – олардың еңбегінің әділ бағаланғанының дәлелі. «Әуесқой» командасының бұл жеңісі Тараз университетіндегі жастардың таланттылығы мен ұйымшылдығын айқын көрсетеді. Университет жастарының шығармашылық әлеуеті артып келе жатқанын дәлелдейтін тағы бір жарқын жетістік болып отыр.